Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат


Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Қалалық диагностикалық орталық» МКК (бұдан әрі - Кәсіпорын) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша, соның ішінде Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою бойынша бақылау функцияларын енгізу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша белсенді жұмыс жүргізеді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  Заңының нормаларын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Кәсіпорынның бас дәрігерінің 2021 жылғы 16 ақпандағы №56-ж/қ бұйрығымен Комплаенс-офицердің функцияларын орындау Қалғымбаева Әлия Әділбекқызына жүктелді.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау
Егер Сіз Кәсіпорын қызметкерлері, пациенттері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз немесе заңсыз сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың еріксіз куәгері болсаңыз, осы факті туралы келесі түрде хабарлай аласыз:
Телефоны – 8 (7252) 36-71-84
Сенім телефоны – 8 (7252) 39-54-56
Е-mail: gkp_gdc@mail.ru
Пошталық мекенжайы: 160021, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.,         А. Байтұрсынов к-сі, 68А ғимараты.