Бөлімдер / Эндоскопиялық диагностика орталығы

Эндоскопиялық диагностика орталығы — асқазан-ішек жолдары мен тыныс алу жүйесі ағзаларына жоғары дәлдікпен визуальды диагностика жасауға және аз инвазивті хирургиялық ем жүргізуге мамандандырылған заманауи диагностикалық және емдеу-профилактикалық орталық.

Бiз әлемдік медицина стандарттарын, сараптамалық деңгейдегі жабдықтарды және әрбір пациентке деген ұқыпты, жанашыр қарым-қатынасты ұштастырамыз.

Бөлімшеміздің артықшылықтары

  • Сараптамалық деңгейдегі жабдықтар: Бөлімше медициналық аспаптар өндірісіндегі әлемдік көшбасшылар — Olympus және Pentax компанияларының заманауи аппаратурасымен жабдықталған.
  • Жоғары дәлдік (NBI және үлкейту): Тар спектрлі визуализация (NBI) және оптикалық үлкейту (магнификация) технологиялары обыралды аурулары мен жаңа түзілімдерді бастапқы (нөлдік) кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.
  • Абсолютті жайлылық («Ұйқыдағы эндоскопия»): Пациенттің қалауы бойынша немесе медициналық көрсеткіштерге сәйкес, зерттеудің барлық түрі тәжірибелі анестезиологтың бақылауымен медикаментозды ұйқы (көктамырлық седация) жағдайында жүргізіледі.
  • Қауіпсіздік пен стерильділік: Эндоскоптарды тазалау мен дезинфекциялау процесі жоғары деңгейлі зарарсыздандырғыш құралдарды пайдалана отырып, автоматты репроцессорларда жүзеге асырылады. Бұл инфекция жұқтыру қаупін толығымен жояды.
  • Бейнеархивтеу: Барлық зерттеу нәтижелері цифрлық форматта сақталады. Бұл емдеу динамикасын бақылауға және консилиумдар өткізуге мүмкіндік береді.

Диагностикалық зерттеу түрлері

  1. Гастроскопия (Эзофагогастродуоденоскопия)

Өңеш, асқазан және 12- елі ішектің шырышты қабығын егжей-тегжейлі тексеру. Гастрит, ойық жара, рефлюкс, эрозия және ісік процестерін анықтауға мүмкіндік береді.

  1. Колоноскопия (Ректосигмоидоколоноскопия)

Тоқ ішектің шырышты қабығының жағдайын кешенді бағалау. Тоқ ішек обырының алдын алу мен ерте анықтаудың негізгі әдісі.

  1. Бронхоскопия (Трахеобронхоскопия)
  2. Өкпе аурулары, созылмалы жөтел және ісік күдігі кезінде кеңірдек пен бронх ағашын визуальды тексеру.
  3. Эпифаринголарингоскопия

Жұтқыншақ пен көмейдің жағдайын жоғары дәлдікпен диагностикалау.

  1. Helicobacter pylori экспресс-диагностикасы (Хелпил сынамасы)

Гастрит пен ойық жара тудыратын бактерияны анықтау үшін асқазанның шырышты қабығынан биоматериал алу.

  1. Эндоскопиялық биопсия

Анықталған патологияны толық морфологиялық растау мақсатында гистологиялық және цитологиялық зерттеулерге тіндер үлгісін алу.

Аз инвазивті емдеу процедуралары

Заманауи технологиялардың арқасында көптеген патологияларды ауқымды операциясыз, безіндіру арқылы тікелей эндоскопия кезінде жоюға болады:

  • Эндоскопиялық полипэктомия — асқазан мен ішектегі полиптерді (жаңа түзілімдерді) ауырсынусыз, аз инвазивті жолмен алып тастау (онкологияның алдын алу).
  • Бөгде денелерді алып тастау — АІЖ мен тыныс алу жолдарының жоғарғы және төменгі бөліктерінен бөгде заттарды шығару.
  • Өңештің кеңейген веналарын байлау — порталды гипертензия кезінде өңеш веналарын таңу.
  • Баллонды дилатация — кардия ахалазиясы  мен АІЖ стриктуралары кезінде саңылауды кеңейту.

Ауырсынусыз және үрейсіз зерттеу (Седациямен)

Қорқыныш пен жағымсыз сезімдерді болдырмау үшін біз процедураларды (гастроскопия, колоноскопия) медикаментозды ұйқы жағдайында жүргізуді ұсынамыз.

  • Сіз процедура басталмас бұрын ұйықтап, ол аяқталған бойда оянасыз.
  • Жеңіл әрі қауіпсіз, қысқа мерзімді әсер ететін препараттар қолданылады.
  • Процедура дәрігер-анестезиолог бригадасының бақылауымен өтеді.
  • Дәрілік ұйқы эндоскопист-дәрігерге кедергісіз, толық әрі мұқият тексеру жүргізуге мүмкіндік береді.

Тексеруге қалай дайындалу керек?

Эндоскопиялық диагностика нәтижесінің дәлдігі дұрыс дайындыққа тікелей байланысты:

  • Гастроскопия алдында: процедура қатаң түрде аш қарынға жасалады (соңғы тамақтану — зерттеуден 8–10 сағат бұрын).
  • Колоноскопия алдында: 2–3 күн бойы қалдықсыз (бесшлаковая) диета ұстау және ішекті тазартуға арналған арнайы препараттарды қабылдау кестесін сақтау қажет (толық нұсқаулықты жазылу кезінде аласыз).
Жаркинбаев Арман Абдуллаевич
Мамандық: Эндоскопист
Санаттары: Высшая
Жалпы еңбек өтілі: 15 жыл
Мамандығы бойынша жұмыс өтілі: 15 жыл
Қабылдауға жазылу
Анипкин Андрей Владимирович
Мамандық: Эндоскопист
Санаттары: Высшая
Қабылдауға жазылу
Анетов Серикжан Нурсеитович
Мамандық: Эндоскопист
Санаттары: Первая
Қабылдауға жазылу
Абдуваитов Кувониш Сапаевич
Мамандық: Эндоскопист
Санаттары: Высшая
Жалпы еңбек өтілі: 23 жыл
Мамандығы бойынша жұмыс өтілі: 19 жыл