Міндеті Пайымдары Мақсаттары


Қалалық диагностикалық орталықтың

МИССИЯСЫ

Диагностика мен емдеудің қазіргі заманғы әдістерін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының халқына мамандандырылған сапалы консультациялық-диагностикалық көмек көрсету

Пайымдауы

Сапа менеджменті жүйесін енгізу және инновациялық технологияларды дамыту арқылы медициналық қызметтер нарығында көшбасшы болу

Негізгі құндылықтар:

  • Науқастың денсаулығы
  • Әр науқасқа жеке дара тіл табу
  • Пациенттің құқықтарын сақтау
  • Командалық жұмыс
  • Әлеуметтік жауапкершілік
  • Кәсіби тәжірибе және даму
  • Ұжымдағы қолайлы атмосфера

ШЖҚ «Қалалық диагностикалық орталық» МКК Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы "Кодексіне, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 30 наурыз  №49 «Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты» бұйрығына сәйкес халыққа консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді.

ШЖҚ «ҚДО» МКК (консультативтік-диагностикалық, стационарды алмастыратын көмек, медициналық оңалту және қалпына келтіру емі, МӘМС шеңберіндегі стоматология) медициналық көмек көрсетеді:

  • ТМККК және МӘМС аясында
  • медициналық ұйымдармен ТМККК бойынша міндеттемелерді орындау бөлігі бойынша қосалқы мердігерлік шарты шеңберінде
  • келісім шарт бойынша және пациенттердің бастамасы бойынша ақылы негізде

2023 жылы ШЖҚ «ҚДО» МКК ҚР ДСМ ШЖҚ «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» РМК (21.08.2019 жылғы 255-Н бұйрығы, тіркеу нөмірі: KZ56VEG00014016) жоғары санат беріле отырып, ҚДО қызметінің ҚР Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне 3 жыл мерзімге аккредиттеу туралы куәлік берді.

Орталықтың ауысымдағы орташа өткізу қабілеті 750-800 келуді және 7500-8000 зерттеуді құрайды.

Орталықта диагностикалық және емдеу қызметтерінің 460-тан астам түрі орындалады.

КДО медициналық мамандықтардың 42 түрі бойынша консультациялық көмек және «Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2023 жылғы 7 маусым №106 бұйрығына сәйкес 18 төсекке арналған операциялық блогы бар күндізгі стационар ТМККК және МӘМС  шеңберінде стационарды алмастыратын көмек көрсетеді: 7 төсек хирургиялық,  10 төсек балалар мен ересектерге арналған стационар деңгейінде 3 кезеңді медициналық оңалту, және пациенттердің бастамасы бойынша ақылы негізде 1 төсек терапиялық бейіндегі күндізгі стационар. Күндізгі стационарда «бір күндік хирургия» амбулаторлық хирургиясы дамуда, хирургиялық белсенділік – 100%. Медициналық техникамен жабдықталу-96%. Медициналық техниканы пайдалану тиімділігі-102%.

Орталық базасында жұмыс істейді:

  • медициналық оңалту және қалпына келтіру емі
  • орталықтандырылған медициналық зертхана
  • эндоскопиялық диагностика орталығы
  • ұрықтың ультрадыбыстық пренаталдық диагностика орталығы