Басшының блогы


 

head doctor photo

Мырзахметова Шолпан Исабекқызы

Бас дәрігер

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ  "Қалалық диагностикалық орталық" МКК,   денсаулық сақтауды ұйымдастырушы дәрігер және жоғары біліктілік санатты гастроэнтеролог дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты


 

1964 жылы 17 қыркүйекте Шымкент қаласында туған, ұлты қазақ.

Еңбек жолын 1987 жылдан бастады, ОҚО клиникалық ауруханасының гастроэнтерология бөлімшесінің меңгерушісі, «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясы» МКҚК госпиталдық терапия кафедрасының ассистенті, ОҚО ДСБ «Облыстық консультативтік-диагностикалық медицина орталығы» МКҚК және «Денсаулық» ЖШС-нің дәрігер-гастроэнтерологы болып жұмыс атқарған.

2016 жылдан 2018 жылға дейін «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалының «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша комиссия мүшесі болған.

2009 жылдан бастап Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Қалалық диагностикалық орталық» МКК-ның бас дәрігері.

КӘСІБИ БІЛІМІ (соңғы 3 жылда қосымша біліктілік арттыруы):

1987 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша оқып, бітірген.

  • 2019 жыл, Ресей Федерациясы, Томск қ. РФ ДСМ «Сібір мемлекеттік медицина университеті», «Менеджмент» мамандығы бойынша магистратура.
  • 2019 жыл, Астана қ, «Қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғары мектебі» Қазақ медицина университетінің филиалы, «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы.
  • 2021 жыл, Түркия,  Стамбул қ. ИнтерМед ХХІ Семинар «Chek up» диагностикалық бағдарламаларының жұмысы»

Денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметі барысында 2011 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің “Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі” төсбелгісімен марапатталды, 2017 жылы “Облысқа сіңірген еңбегі үшін” медалімен марапатталды және Қазақстан Республикасының “Құрмет” орденінің иегері атанды.