Талдауға дайындық


Назар аударыңыз!

Төменде  көрсетілгендей, қанды зерттеуге тапсырғанда қойылатын жалпы ережелер толығымен сақтаған жағдайда ғана зерттеулер нәтижесінің дәл және сапалы болатынын ескертеміз!

Аталған  ережелерді  сақтамаған жағдайда, Орталықтандырылған Медициналық Зертхана зерттеулер нәтижелерінің сапасына кепілдік бере алмайды!

Кез келген қан зерттеулеріне тапсырғанда қойылатын жалпы ережелер:

  • қан талдауларын  аш қарынға тапсыру керек:
  • бір жасқа дейінгі балалар ас қабылдағаннан кейін 3-5 сағат, ал басқалар үшін 8-12 сағаттан кейін қан тапсыру керек (12 сағат липидтер зерттеулері үшін);
  • 200мл газсыз ауыз су ішуге рұқсат етіледі;
  • шай, кофе, шырын  ішуге  рұқсат берілмейді;
  • қан тапсырудан 1-2 күн бұрын (барлық зертеулер үшін) қуырылған және құрамында көп мөлшерлі майы бар тағам түрлерін алып тастаған жөн;
  • зерттеу алдында 24 сағат бойы алкоголь қабылдамау қажет;
  • қан тапсырудан 1 сағат бұрын шылым шегуге болмайды;
  • қанды зерттеуге дәрілік заттарды, спорттық  тамақтану мен биологиялық активтік қоспаларды  қабылдауды тоқтатылғаннан кейін, 10-14 күн өткеннен кейін ғана қан тапсыруға ұсынылады;
  • таңертеңгілік дәрілік затты қабылдау тек анализ тапсырғаннан кейін жүргізіледі (дәрігермен кеңесе отырып);
  • қан алу емдік немесе диагностикалық процедуралар жүргізгеннен кейін 1-2 күн өткен соң іске асырылады;

Процедураларды  атап өтсек:

  • -көктамырішілік  инфурзиялық  жүйелер, дәрілік заттар мен ерітінділер, пункция, биопсия, қан құю, денеге жалпы массаж жасау, эндоскопиялық зерттеу, ЭКГ, УЗИ, рентгендік зерттеулер, әсіресе тамырға  контрасттық заттарды енгізу, иондаушы сәулелер және т.б
  • -зерттеу алдында физикалық жүктемені 3-күн бұрын тоқтату қажет;
  • -қан алу пунктіне жүріп келгенде пациент 15-20 мин демалып, тынығу керек,        әсіресе гормон мөлшерін тексерген кезде,қайта қан тапсыру қажет болса, жоғары сапалы әрі сенімді нәтиже алу үшін  бір зертханаға, бір мезгілде, бірдей позицияда (отыру,жату) алдынғы уақыттағыдай етіп тапсыру керек.

Қан зерттеудің кейбір түрлеріне дайыңдау ережелері:

Зәр қышқылы  (Мочевая кислота):

  • пуринсіз диетаны ұстану қажет: ет, балық, қызыл вино, жұмыртқа, ірімшік, бауыр тағам түрлерін алып тастаған жөн;

Темір (Fe):

  • 7 тәулік бойы құрамында темір қоспасы бар препараттарды  тоқтату қажет;

Магний  (Mg):

  • 7 тәулік бойы құрамында магнтй бар препаттарды тоқтату қажет;

Фосфор  (P):

  • 7 тәулік бойы құрамында фосфор бар препаттарды тоқтату қажет;

Әйелдердің жыныстық гормондары: ФСГ, ЛГ, эстрадиол ,пролактин, тестостерон, прогестерон, АМГ;

  • ФСГ, ЛГ, эстрадиол, пролактин, тестостерон зерттеулері етеккір циклының 3-7 күнінде, ал прогестерон етеккір циклының 21 күнінде жүргізіледі; (емдеуші дәрігердің басқа шарты болмаса)

Қалқанша безі гормоны(гормон  щитавидной  железы): ТТГ, Т3, Т4  зерттеу, дәрілік препараттарды қабылдағаннан соң, 24 сағат өткеннен кейін жүргізіледі;

  • зерттеуден 2-3 күн бұрын құрамында иоды бар тағамдар мен дәрілік заттарды тоқтату қажет (теңіз өнімдері, грек жаңғағы, иодталған тұз және т.б) 

Коагулограмма: ПВ, ТВ, АЧТВ, МНО, Фибриноген

  • зерттеуден 2-3 күн бұрын антикоагуляттарды және антиагреганттарды қабылдамау керек, атап айтқанда гепарин, варфарин және аспирин,тромбоасс (емдеуші дәрігердің басқа шарты болмаса)

Глюкоза:

  • қанды таңертен қатаң аш қарынға тапсыру қажет;
  • тіпті су ішу, тісті тазалау, сағыз шайнау ұсынылмайды;
  • 3 тәулік бойы төмен көмірсутекті диетаны ұстану керек;