Бөлімдер / Менеджментті дамыту және басқару бөлімі
Бөлім қазіргі заманғы менеджментті дамыту, корпоративтік басқару жүйесін, жоспарлау және болжау тетіктерін жетілдіру негізінде денсаулық сақтау саласындағы бәсекелестікті тиімді басқаруды және дамытуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ орталық қызметінің процестерін ұйымдастыруға және мамандардың біліктілігін арттыруға жәрдемдесуге, орталық жұмысының (қызметінің) нәтижелерін жинақтауға және жүйелеуге, қызмет алушылардың қажеттіліктерін уақтылы толық және сапалы қанағаттандыруға арналған.
Бөлімшенің негізгі міндеттері:
- Корпоративтік басқару саласындағы нормативтік-құқықтық және әдіснамалық базаны жетілдіру және ұйымға корпоративтік басқару қағидаттарын кезең-кезеңімен енгізу;
- Денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларына қойылатын жаңа біліктілік талаптарын әзірлеу және енгізу, менеджментті оқытуды ынталандыру және қолдау негізінде көшбасшылық пен кәсіби менеджмент дағдыларын дамыту;
- Ұйымдарға басқарудың заманауи технологияларын енгізу;
- Денсаулық сақтау және медицина ғылымының Адами ресурстарын дамытуға, салада персоналды басқарудың инновациялық технологияларын енгізуге жәрдемдесу;
- Орталықтағы қажеттілікті жоспарлау және болжау әдістерін жетілдіру;
- Сапа менеджменті жүйесіне қойылатын талаптардың орындалуын бақылау;
- Құрылымдық бөлімшелерде өзін-өзі тексеру және ішкі аудит жүргізу;
- Мамандарды теориялық даярлау деңгейін арттыру және кәсіби мәдениеттің жалпы деңгейін арттыру;
- Ұжым қызметінде инновациялық бағытты қалыптастыру;
- Орталықтың құрылымдық бөлімшелері қызметінің тиімділігін зерделеу және оның сапасын арттыру бойынша ұсыныстар енгізу;
- Қоғамдық пікірді қалыптастыру, жарнамалық-насихаттық қызметті ұйымдастыру және "сапа жөніндегі бағдарламада"баяндалған сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындау;
- Мекеме бойынша жоспарлау мен есептілікті ұйымдастыру, көрсетілетін қызметтердің сапасын зерделеу мақсатында келушілер арасында зерттеулер жүргізу;
- Инновациялық бағдарламалар мен технологияларды іске асыру кезінде инновациялық бағдарламаларды әзірлеуде әдістемелік көмек көрсету, инновациялық бағдарламаларға ішкі сараптама жүргізуді ұйымдастыру.