Бөлімдер / Медициналық тіркеу
Тіркеу орнының жұмысы Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымның тіркеу орнының қызметі туралы нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастырылды, ұйымның қызметіне 2013 жылдан бастап медициналық ақпараттық жүйенің құрамына «электрондық тіркеу» енгізілді. Диагностикалық орталықтың тіркеу орнында медициналық тіркеушілер қызмет атқарады. Медициналық тіркеушілердің саны 12 бірлік, олардың екеуі пациенттерді және биосынамаларды тіркеу, бар-кодтарды ресімдеу және оларды зертханалық-ақпараттық жүйеге енгізу жұмыстарын жүзеге асырады.
Ауыр науқастар мен егде жастағы адамдар, мүгедектерден қан алу үшін жеке кабинет және жұқпалы аурулары бар науқастарға арналған сүзгі кабинеті жұмыс істейді.
Тіркеу орны жұмыс кезінде үздіксіз байланысты қамтамасыз ететін ішкі және қалалық телефон желілерімен жабдықталған. Пациенттерді алдын ала тіркеу күн сайын сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін жүргізіледі. Кезектілікті оңтайландыру мақсатында әрбір медициналық тіркеушінің алдында кезектілікті реттеуге арналған терминалдар орнатылған. Пациенттерді күту уақытын қысқарту мақсатында Орталықта орындалатын медициналық қызметтер туралы ақпарат алу, медициналық қызметке электрондық жазылу үшін ақпараттық дүңгіршек орнатылған.
Медициналық тіркеушілер келесі қызметтерді көрсетеді:
- Дәрігерге қабылдауға жіберу үшін маршруттық парақты ресімдеу;
- Пациенттердің телефон арқылы, Қалалық диагностикалық орталықтың веб-сайты арқылы тікелей жүгінуімен дәрігердің қабылдауына, аспаптық-диагностикалық зерттеулерге алдын ала жазылуын жүзеге асырады;
- Тіркеу кезінде пациенттің деректері туралы ақпарат «электрондық тіркеу» базасында сақталады.
Вопрос: УЗДГ - ПРОВОДИТСЯ ЛИ ДИАГНОСТИКА
Ответ: Да проводится. Можно записаться через колл центр 87252997878 87780468088