Бөлімдер / №1 Клиникалық-консультативтік бөлімше
Қалалық диагностикалық орталықтың консультативтік бөлімінде жетекші маман дәрігерлерінің кеңесін ала аласыздар. Қабылдауды сертификатталған, білікті мамандар, медицина ғылымдарының кандидаттары, жоғары санатты дәрігерлер, үлкен жұмыс тәжірибесі бар және жұмыс тәжірибесінде көпжылдық дәлелді медицина дәстүрлерін қолданатын маман дәрігерлер жүргізеді.
Бөлімшенің артықшылықтары:
- Барлық зерттеулер эксперт кластық құрал-жабдықтармен жүргізіледі. Орталықтағы диагностикалық мүмкіндіктердің барлық спектрі қарастырылған.
- Бөлімшенің әмбебаптығы, клиникалық- диагностикалық зертханамен, функционалдық диагностика және сәулелі диагностика бөлімдерімен өзара жылдам әрекеттесу денсаулық мәселелерін жылдам және сапалы шешуге мүмкіндік береді.
- Әр пациентті жеке емдеу отандық және шетелдік медициналық қауымдастықтың нұсқауларымен негізделген.
Консультативтік бөлімшенің бірегей артықшылығы ауруды диагностикалаудың кешенді әдісі болып табылады. Кейбір клиникалық жағдайларда бірнеше мамандардың кеңесі қажет болуы мүмкін, себебі ауру әр түрлі мамандықтағы дәрігерлердің құзыреттіліктерінің түйісуінде өтуі мүмкін. Қажет болған жағдайда біз мамандардың кеңесін жинап, соның арқасында біз дәл диагноз қоя аламыз.
Біздің бөлімшеде 10 нан астам мамандықтағы жоғары дәрежелі маман дәрігерлер көмек көрсетуге дайын.
Біздің тәжірибелі команда арнайы оқытудан өткен және сертификатталған маман дәрігерлерден тұратын келесі мамандықтар:
- Аллергология-иммунология
- Гастроэнтерология
- Балалар гастроэнтерологиясы
- Гематология
- Кардиология
- Балалар кардиологиясы
- Нефрология
- Пульмонология
- Терапия
- Ревматология
- Эндокринология