Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

13.04.2026

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Қалалық диагностикалық орталық» МКК (бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды.

Кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және оларды жою бойынша ұсыныстар 2026 жылғы 10 маусымға дейін gdc_urotdel@mail.ru электрондық поштасы немесе 8 (7252) 36-70-52 телефоны арқылы қабылданады. Құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.

Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.