Cыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

07.04.2025

Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.Сейтеновтің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау жүргізу туралы бекіткен кестесіне сәйкес Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Қалалық диагностикалық орталық» МКК (бұдан әрі – Кәсіпорын) кәсіпорын қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды.

Талдау шеңберінде Қалалық диагностикалық орталықтың персоналды басқару бөлімі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша мәселелерді қамту жоспарлануда.

Кәсіпорынның персоналды басқару бөлімі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы және оларды жою жөніндегі ұсыныстар 2025 жылғы 26 мамырға дейін электрондық пошта арқылы қабылданады aliya-adilbekovna@mail.ru немесе телефон арқылы  8 /7252/ 36-71-84, құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.

Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.